Прямая трансляция

Астана

Астана

28.23°C

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты резонансты сот процесі аяқталды. Сот үкім шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
Фото: әлеуметтік желіден

Сот шешімімен айыпталушы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Іс аясында оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған.

Атап айтқанда, 125-1-бап – «Некеге тұруға мәжбүрлеу», 115-1-бап – «Сталкинг», сондай-ақ 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сот осы айыптар бойынша істі қарап, Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.