Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Бельгиялықтар королі мен патшайымы Тоқаев резиденциясындағы сәйгүліктерді тамашалады

Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым Астанаға сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясындағы сәйгүліктерді көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Бельгиялықтар королі мен патшайымы Тоқаев резиденциясындағы сәйгүліктерді тамашалады
Ақорда

"Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.