Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Қазақстанда шетел азаматтарына ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және түзету тәртібін өзгерту ұсынылды. Ішкі істер министрлігі бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда шетел азаматтарына ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: ХҚКО

Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу кезінде оларды тексерудің жаңа ережелерін енгізуді жоспарлап отыр, бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Жоба иммигранттардың эталондық деректер базасының мәліметтері негізінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болуының (тұруының) сәйкестігін тексеру тәртібін қарастырады. 

Жобаны іске асыру ЖСН қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуының (тұруының) заңдылығын тексеруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.