Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бүгін ел аумағында үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК қыркүйек айының соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бүгін ел аумағында үсік жүреді
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік және орталық өңірлерінде күздің салқыны күшейіп келеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2-8 градус жылы күтіледі.

Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Астанада да аздап қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -3, күндіз +5 градус шамасында болады. Алматы, Жетісу және Абай облыстарында жауын-шашын болжанған, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. 

Күндізгі температура 8-20 градус аралығында, ал таулы өңірлерде 5-12 градус қана жылы болады. Алматыда күндіз +21...+23°С күтілсе, Талдықорғанда +18...+20°С шамасында болады.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ. Түркістан мен Жамбыл облыстарында жаңбыр мен найзағай болып, күндіз +20...+25°С аралығында жылы болады.

Шымкент пен Таразда күндіз 22–25 градусқа дейін көтеріледі. Ал Қызылорда облысында негізінен жауын-шашынсыз, күндіз +17...+19°С жылы.

Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы. Орал мен Ақтөбеде түнде аяз болуы мүмкін, күндіз +7...+12°С шамасында. Атырау мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл байқалады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Ақтауда күндіз +17...+19°С, Атырауда +12...+14°С күтіледі.