Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық жас футболшылар елге оралды, деп хабарлайды paryz.kz.
Футбол турниріне қатысу үшін Өзбекғстанға барып, денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен жас футболшылар Қазақстанға қайтты.
Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Уақытылы көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында балалардың жағдайы жақсарып, олардың барлығы ауруханадан шығарылды.
«Денсаулық сақтау жүйесінің жауапты тұлғалары мен медицина қызметкерлері жас спортшыларға мықты денсаулық пен футбол алаңында жаңа жеңістер тілеп, шығарып салды», - деп хабарлады Өзбекстанның ДСМ өкілдері.