Жамбыл облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиғадан 4 адам зардап шегіп, екеуі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды paryz.kz.
Жамбыл облысында өзіне қол салып қаза болды деген әйелдің денесі қайта қазылып алынды.
Марқұм болған Мадинаның туыстары алғашқы сот-медициналық сараптамасына келіспей, тергеуді қайта жүргізуді талап етіп отыр. Тұрғындардың түнгі тынышын алған оқиға Байзақ ауданындағы Бурыл ауылында болған.
Куәгерлердің айтуынша, жастар арасындағы жанжалға қарыз мәселесі себеп болған көрінеді. Онда берешегін даулаған азаматтарға күдікті белгісіз қарудан оқ жаудырған. Жан сауғалап қашқан төрт адам жарақат алды. Олардың екеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған. Ал ауылда оқ отқан күдікті ұсталып, қамауға алынды.
"Қылмыстық іс қозғалды.Қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр", - деп пікір білдірді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Байжан Байгелді.