Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Құдайы асты тойдан кем өткізбейтіндер көбейген: Бас мүфти мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта марқұмның жетісі, қырқы мен жылдығына арналған құдайы астарда шектен тыс шығын шығару мен даңғазалықты тоқтатуға шақырды.

Құдайы асты тойдан кем өткізбейтіндер көбейген: Бас мүфти мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto

Бас мүфти кейбір отбасылардың бұл рәсімді тойдан кем өткізбей, "елден қалмайын" деген мақтанмен қарызға, тіпті несиеге батып жататынын сынға алды.

Оның айтуынша, соңғы уақытта құдайы астарда шектен тыс шығынға жол беру жиілеген. Кейбір отбасылар құдайы асты тойдан кем өткізбей, елден қалмау үшін қарыз алуға дейін барады, дейді Бас мүфти.

Мүфтият ондай аста қымбат дастарқан жаю міндет емес, құдайы астың мақсаты – марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау екенін еске салды.

Осыған байланысты ҚМДБ "Ас беру мәдениеті" құжатын қабылдады. Онда дастарханды қарапайым жайып, артық шығынға жол бермеу керектігі айтылған.