Ішкі істер министрлігі 3 өңірде қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Соңғы үш күшде 3 қылмыстық топ анықталды. Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырып, студенттен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастарды ұстады. Күдіктілер қамауға алынды, - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қуандық Алпыс.
Сондай-ақ Шымкентте жедел уәкілдер қаланың 2 тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан млн теңге бопсалап, оған қатысты жағымсыз ақпарат таратамыз деп қорқытқан.
Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері млн теңге мен Subaru көлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол 3 сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді басқарма басшысы.