Прямая трансляция

Астана

Астана

11.57°C

Алматы аумағында сейсмикалық оқиғалар тіркелді

28 қыркүйекте ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС Алматы қаласы маңында екі сейсмикалық оқиғаны тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы аумағында сейсмикалық оқиғалар тіркелді
Фото: Paryz.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеген, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Алғашқы сейсмикалық оқиға Астана уақыты бойынша сағат 06:32-де тіркелген. Алматы қаласы ТЖД-ның «112» және «101» жедел нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдайлар мен арыз-шағымдар тіркелмеген.

Екінші сейсмикалық тербеліс сағат 09:38-де орын алды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан.

Сейсмологтардың есептік мәліметтеріне сәйкес, жекелеген елді мекендердегі қарқындылық көрсеткіштері:

  • Қарасай (Қаскелең): 18 км қашықтықта – 2-3 балл;

  • Боралдай ауылы: 19 км қашықтықта – 2-3 балл;

  • Өтеген Батыр ауылы: 28 км қашықтықта – 2 балл.

Құтқару қызметтері жағдайдың тұрақты екенін хабарлап, тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.