Прямая трансляция

Астана

Астана

13.9°C

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан 29011 әскери бөлімінің 14 әскери қызметшісін қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

  • Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

  • Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

  • Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

  • Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

  • Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

  • Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

  • Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

  • Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

  • Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

  • Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

  • Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

  • Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).