Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 03.12.2025 18:05 Обновлять, 04.12.2025 02:08

«Қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан»: Шымкентте полицейлер үш притонды жойды

31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған, оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан»: Шымкентте полицейлер үш притонды жойды
Фото: Polisia.kz

Олар Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары. Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды.