Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Мақпал Исабекова әзілкеш Қанатпен қарым-қатынасы жайлы айтты

Әнші Мақпал Исабекова әзілкеш Қанатпен қарым-қатынасы туралы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Мақпал Исабекова әзілкеш Қанатпен қарым-қатынасы жайлы айтты
Коллаж: ozgeris.info

Әншінің айтуынша, Қанатпен осы жоба барысында алғаш рет танысқан. Қазір екеуінің арасында достық қарым-қатынас бар.

«Желілерді "Қанат аузыңа Райм түкіріп кетті ме" деген видео шулатып жүр. Соны маған көбіңіз жіберіп жатсыздар. Қанатпен біз осы жобада бірінші рет таныстық. Өте жақсы жігіт. Бірақ неге олай жаман ойлағандарыңызды білмеймін. Сондай жағдай болған күннің өзінде онда тұрған не бар? Одан еш әбестік көрмеймін. Біз доспыз», – деді Мақпал Исабекова.

Әнші екеуінің арасында қарым-қатынас болған күннің өзінде мұны әбестік деп санамайтынын жеткізді.