Әнші Сәкен Майғазиев әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты жақсы жаңалық айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі сырқаттанып қалған әріптесінің жағдайын білу үшін арнайы барып, хал-жағдайын сұрағанын жеткізді. Сәкен Майғазиевтің айтуынша, Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы қазір жақсарып келеді.
«Ақ Кенжештің жағдайын сұрап шықтық. Аллаға шүкір, жақсы болып келе жатыр екен», – деді әнші.
Сонымен қатар ол әріптесіне медициналық көмек көрсетіп, денсаулығын бақылауда ұстап отырған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына байланысты ауруханаға түскені хабарланған болатын.