Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Сіздердің кездеріңіздегі тәрбие қазір жұмыс істемейді»: Тәуекел Мүсілім анасына айтқан сөзін айтып берді

Танымал актер Тәуекел Мүсілім жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сіздердің кездеріңіздегі тәрбие қазір жұмыс істемейді»: Тәуекел Мүсілім анасына айтқан сөзін айтып берді
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі ерлі-зайыптылардың отбасына жақындары мен туыстарының араласпауы керегін айтты.

«Мен анама үнемі жұмсақ түрде түсіндіруге тырысамын. Анам балаларымның тәрбиесіне араласып: “Өте ерке, көп ойыншық алып бересің, еркелетіп тастағансың” деп айтады. Мен оған: “Мама, сіздердің кездеріңіздегі тәрбие қазір жұмыс істемейді” деп айтамын. Қазір әйеліме де “Ертең ұлдарымыз үйленеді. Әрқайсысының өз әйелі болады. Сол кезде олардың отбасына араласпайықшы” деп айтып қоямын», – деді Тәуекел Мүсілім.