Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

«Жағдайы өте ауыр»: Тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайына алаңдап, көпшіліктен дұға сұрады

Тележүргізуші Анна Данченко анасы Светлананың денсаулығына байланысты көпшіліктен дұға сұрады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында анасының қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқанын жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жағдайы өте ауыр»: Тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайына алаңдап, көпшіліктен дұға сұрады
Фото: әлеуметтік желіден

«Есімі – Светлана. Жағдайы өте ауыр, реанимацияда», – деп жазды тележүргізуші.

Анна Данченко анасының мықты екенін айтып, операциядан кейінгі видеосын да жариялады. Кадрларда Светлананың билеп, күлімсіреп тұрғанын көруге болады.

«Менің анам мықты! Тіпті бұл видеода да операциядан кейін ол билеп, күлімсіреп тұр», – деді ол.

Тележүргізуші көпшіліктен анасына дұға жасап, қолдау көрсетуін өтінді.

«Алладан шипа сұраймын. Мені әлсіздігім үшін кешіріңіздер. Бұл ауыртпалықпен жалғыз қалу маған қиын, сондықтан осында бөлісіп отырмын», – деп жазды Анна Данченко.