Актер Нұрсұлтан Жақсыген өзіне қатысты сот ісіне байланысты пікір білдірді. Ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында экс-әйелі Фариза Алмазқызының әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұған дейін Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде бірқатар жазба мен скриншот жариялаған. Сол материалдардың бірінде оған қатысты «боди қызметімен айналысады, астаналықтар біледі» деген мазмұндағы ауыр айыптаулар айтылған.
Нұрсұлтан Жақсыген журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында бұл жазбалардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарған.
Қазір актерге қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
Нұрсұлтан Жақсыгеннің айтуынша, сот отырыстарының нәтижесінде істің мән-жайына құқықтық баға беріледі.
«Кімнің сөзі рас, кімнің сөзі жалған – оған сот құқықтық баға береді», – деді журналист.
Сот үкімі әлі шыққан жоқ.