Тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасының жағдайына алаңдап, жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Тележүргізуші анасының ауруханада жатқанын айтып, оны жоғалтудан қорқатынын жеткізді. Ол анасына өмір үшін күресіп, қасында қалуын өтінген.
«Анашым, өтінемін, өмір сүрші! Менің қайғымды ешкім және ешқашан түсінбейді. Менің не сезініп жүргенімді де ешкім сезіне алмайды. Анашым – менің өмірім! Менде сенен басқа ешкім жоқ. Сені жоғалтуға дайын емеспін», – деп жазды Анна Данченко.
Сонымен қатар тележүргізуші анасына арналған тағы бір жазбасын архивтегі бейнемен бірге бөлісті.
«Егер сен кетіп қалсаң, мені өзіңмен бірге ала кет. Мен әкем екеуіңе ән айтып беремін. Анашым, маған өте ауыр. Қалшы, өтінемін!» – делінген жазбада.
Бұған дейін Анна Данченко анасының кенеттен ауруханаға түскенін хабарлап, оқырмандарынан дұға етуді сұраған еді.
«Анам ауруханаға түсіп қалды. Дұғада болыңыздаршы. Мен жолға шықтым. Елге аман-есен жетейін. Жүрегім жарылардай. Алда 22 сағат. Көз жасым тоқтамай тұр», – деп жазған тележүргізуші.