Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

«Сағынып кеттім»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасын жоқтады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасы Сабитті еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сағынып кеттім»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасын жоқтады
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсер ағасының саналы ғұмырында елге жасаған жақсылықтарын еске алып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Анашым Зайфунун ағасы өмірден озғанда “Әуелі сөзің басы еді-ау, жарқыным, жез боп жасыды-ау” деген өлең жолдарымен жоқтау айтып, іш күйігін шығарып отырған сәттері әлі көз алдымда. Міне, сол қайғы менің де басыма орнады. Өзім ерекше жақсы көретін ағамды сағынып кеттім. “Бір иіскеп, маңдайыңнан сүйіп кетсем” деген бауырлар чатындағы дауыстық хабарламалары әлі тұр», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Оның айтуынша, ағасына арнап жоқтау жазған. Алайда әнді өзі орындауға жүрегі дауаламайтынын жеткізді.

«Мен бұл әнді айтпақ түгілі, басын бастағаннан кеудемді өксік кернеп, тұншыға бастаймын. Сол себепті жоқтауымды жасанды интеллект арқылы оқырмандарыма жеткізгім келді», – деді ол. Продюсер бауырынан айырылған жандардың марқұмдарды еске алып, құран бағыштауы маңызды екенін атап өтті. 

«Енді тек құранымыз ғана. Баяғыдай дауысын есту де, жаутаңдап жолымызды күту де жоқ. Бітті бәрі де», – деп жазды ол.

Гүлзира Айдарбекова отбасында бес ұл, үш қыз болғанын, алайда төрт бауырының өмірден өткенін айтты.

Сондай-ақ ол Сабит ағасының туған жеріне жасаған игі істеріне тоқталды. Продюсердің сөзінше, ағасы Алматының шетіндегі Бұлақты ауылына жарық тартқызып, тас жол салдыруға атсалысқан.

Сонымен қатар 100 тал егіп, зиратты қоршатып, көпір салдырған және жер мәселесінде ауыл тұрғындарына көмектескен. Гүлзира Айдарбекова ағасының бұл істерін оның артында қалған үлкен мұрасы деп атап өтті.

«Қиналғанын көріп, абдырап қалып жатырмын»: Жігер Ауыпбаев әйелінің денсаулығы туралы айтты «Қиналғанын көріп, абдырап қалып жатырмын»: Жігер Ауыпбаев әйелінің денсаулығы туралы айтты «Қыз баласы үшін өз үйі қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазба жариялады «Қыз баласы үшін өз үйі қауіпсіз бола алмаса, біз қандай болашаққа ұмтылып жүрміз?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазба жариялады «Жағдайы өте ауыр»: Тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайына алаңдап, көпшіліктен дұға сұрады «Жағдайы өте ауыр»: Тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайына алаңдап, көпшіліктен дұға сұрады «Әкемнің анамды ұрғанын көрдім»: Айгүл Иманбаева отбасылық зорлық-зомбылық туралы айтты «Әкемнің анамды ұрғанын көрдім»: Айгүл Иманбаева отбасылық зорлық-зомбылық туралы айтты «Әйел зорлыққа шыдамауы керек»: Жеңіс Ысқақова отбасындағы ер адамның жауапкершілігі туралы айтты «Әйел зорлыққа шыдамауы керек»: Жеңіс Ысқақова отбасындағы ер адамның жауапкершілігі туралы айтты «Боди массаж жасайды деп жазбадым»: Нұрсұлтан Жақсыген экс-әйелінің айыптауын жоққа шығарды «Боди массаж жасайды деп жазбадым»: Нұрсұлтан Жақсыген экс-әйелінің айыптауын жоққа шығарды Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловке қатысты қуанышты жаңалық айтты Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловке қатысты қуанышты жаңалық айтты «Анашым, өтінемін, өмір сүрші»: Анна Данченко анасына алаңдап, жан сырын ақтарды «Анашым, өтінемін, өмір сүрші»: Анна Данченко анасына алаңдап, жан сырын ақтарды «Әйел – қызметші емес»: Динара Сәтжан ұлына отбасылық өмірге қатысты кеңес берді «Әйел – қызметші емес»: Динара Сәтжан ұлына отбасылық өмірге қатысты кеңес берді