Айтыскер ақын Сырым Әуезхан энергетикалық сусын жарнамалағаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде Сырым Әуезханның энергетикалық сусынға қатысты жарнамасы тараған. Жазбаға пікір білдірген Балғынбек Имаш ақынның мұндай өнімді жарнамалауын құптамаған.
«Дұрыс емес! Адам болып жүрген жақсы ғой. Маймылдан жақсырақ деп қасқыр боласың ба? Алла адам баласын ардақты етіп жаратты. Хайуан болуға шақыруды қойсаңдаршы. Аузына ел қараған ақын емессің бе?» – деп жазды Балғынбек Имаш.