Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Шымкентте ене мен келін коронавирустан бір күнде көз жұмды

Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтып отыр.

Шымкентте ене мен келін коронавирустан бір күнде көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан қайтыс болды деп хабарлады Paryz.kz

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзіне сенсек, егде жастағы әжей той-томалаққа барып, індет жұқтырған көрінеді.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен екен. Десек те ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалған.

Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмған. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтып отыр.