Прямая трансляция

Астана

Астана

2.94°C

Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі оба қаупі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында обаның таралу қаупі туындады деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Paryz.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі оба қаупі туралы мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Министрліктің мәліметінше, Қазақстандағы жағдай тұрақты. Алдын алу шаралары қабылданып, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

Көліктің барлық түрлері бойынша дене қызуы жоғарылаған, ауру белгілері немесе аса қауіпті инфекцияға күдігі бар адамдар анықталмаған. Алдын ала бағалау бойынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен деңгейде қалып отыр.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі сапардан кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгініп, дәрігерге барған жері мен сапар күндері туралы хабарлауды ұсынды. Сондай-ақ азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес берілді.

Қолда бар мәлімет бойынша, Ресей мамандары эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қорытынды диагноз әзірге ресми расталмаған, ықтимал жұқтыру көзі мен жағдайлары анықталуда.

Медициналық бақылауда 197 байланыста болған адам бар. Олардан ауру белгілері анықталмаған, зертханалық зерттеу нәтижелері теріс.

4 қазанда Ресейдің Роспотребнадзоры Иркутск облысында, сондай-ақ Иркутск пен Шелехов қалаларында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. Ведомство оба ауруының жағдайлары анықталмағанын мәлімдеді.

Қайтыс болған 28 жастағы әйелге «этиологиясы анықталмаған пневмония» диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта оның нақты себебі мен жағдайлары бойынша тексеру жалғасып жатыр.