Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Төмен жалақы салдарынан дәрігерлер жұмысын тастап кетпеуі үшін жағдай жасауымыз керек - Дана Медеуова

Құрылтайда медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға және олардың беделін арттыруға бағытталған «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» жаңа заң жобасына бастамашылық жасалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Төмен жалақы салдарынан дәрігерлер жұмысын тастап кетпеуі үшін жағдай жасауымыз керек - Дана Медеуова
Фото: pixabay.com

Депутаттардың айтуынша, пандемия сабақтары денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы тек жабдықтар мен дәрі-дәрмекке емес, ең алдымен білікті кадрларға байланысты екенін көрсетті. Сондықтан дәрігер мәртебесін көтеру — әлеуметтік әділеттілік қана емес, ұлттық және биологиялық қауіпсіздік мәселесі.

Жаңа заң жобасы аясында ұсынылған негізгі бастамалар:

  • Жалақы және бюрократиядан арылту: Еңбекақы төлеу жүйесі икемді болып, дәрігердің біліктілігін ескеруі тиіс. Дәрігерлерді артық қағазбастылықтан босатып, басты назарды науқастарды емдеуге аудару ұсынылды.

  • «Дәрігер» атауын заңмен қорғау: «Дәрігер» мәртебесі тек тиісті медициналық білімі, расталған біліктілігі мен кәсіби қызметке құқығы бар мамандарға берілуі тиіс.

  • Кадр тапшылығымен күрес: Жүйеге жаңа мамандарды тартумен қатар, қазіргі жұмыс істеп жүрген білікті кадрларды сақтап қалу маңызды.

  • Құқықтық қорғау мен өкілеттік: Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген төтенше жағдайларда дәрігерлерге жылдам әрі дербес шешім қабылдау үшін айқын өкілеттіктер мен құқықтық қорғау қажет.

Бастамашы топ өкілдері атап өткендей, білікті дәрігерді даярлауға 10 жылдай уақыт кетеді, ал осал жүйе салдарынан дайын маманнан бір күнде айырылып қалу қаупі бар. Жаңа заң дәрігерлердің төмен жалақы немесе заңсыз қысым салдарынан саладан кетпеуін қамтамасыз етуге бағытталған.