Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ғалымдар қартаюға қарсы "әдіс" ойлап тапты

Тәжірибе нәтижесінде генетикалық терапиядан өткен сынақ тышқандарының өмір сүру ұзақтығы 25%-ға артты.

Ғалымдар қартаюға қарсы "әдіс" ойлап тапты
фото: xakac.info

Қытайдан келген зерттеушілер ағзаның қартаюына қарсы жауап беретін генді анықтады, деп хабарлады paryz.kz.

Тәжірибелер kat7 генетикалық тізбегіне әсер ететін тышқандарға жүргізілді. Кейбір процестер тоқтатылды, ал кейбіреулері кері қайтарылды.

"Біздің тәжірибелеріміздің нәтижесінде, генетикалық терапиядан өткен сынақ тышқандарының өмір сүру ұзақтығы 25%-ға артты. Сонымен бірге тышқандар сау және белсенді бола бастады", - деп атап өтті ғалымдар.

Келесі қадам приматтарға арналған сынақтар болуы керек. Егер олар сәтті болса, онда ғалымдар өздерінің зерттеуін адамдарда сынайды. Бірақ бұл процедура 100% қауіпсіз әрі сенімді болған кезде ғана жасалады.