Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Бүкірейіп жүрмеу үшін не істеу керек?

Қазір адамдардың көпшілігі бір жерде және компьютердің алдында ұзақ уақыт қозғалмай отырып жұмыс істейді. Осының барлығы омыртқаның қисайып, дененің бүкіш тартуына әкеледі. Ал дене тік болу үшін не істеген жөн? Бұл туралы Рaryz.kz  exk.kz  сілтеме жасап, табиғи жолмен жасарудың халықаралық тренері Гүлзада Ибраймованың пікіріне құлақ асуға кеңес береді. 

Бүкірейіп жүрмеу үшін не істеу керек?
Видеодан кадр

Қазір адамдардың көпшілігінде қимыл-қозғалыс аз. Бұның соңы дене-бітімнің өзгеруіне әкеледі. Егер адам бүкірейіп жүретін болса, түрлі ауру пайда болады.

Бүкірлік омыртқаның қалыпты емес екенін көрсетеді. Кеуде қуысы қысылған кезде иық ашылмай, адам бүкіш тартады. Ал кеуде қысылғасын беттің төменгі жағы салбырайды. Бет ісіп, екінші иек пайда болады. Мойын қысқарады,

— дейді маман.

Егер адам осылай бүкіш тартып жүре берсе дененің өзге бөліктері де зардап шегеді. Сондықтан маман бүкірейіп жүрмес үшін жаттығу жасау керектігін айтады. Ол үшін төмендегі видеоны күніне 6-9 рет жасап жүру керек. Сонда дене қалпына келеді.

Видеода айтылғандай бас, жамбас, аяқ бір сызық бойында болады. Ішті тарту керек. Екінші қолды астыңғы қолға қарама-қарсы қоясыз. Дем алып, үстіңгі қолды артқа жіберіңіз, дем шығарғанда бастапқы қалыпқа келесіз.

Келесі артқа қолды жібергенде алғашқыдан да кең ашасыз, яғни қолтық, кеуде бұлшық еттерінің созылғанын сезесіз. Кеуде бұлшықеттерінің дұрыс босаңсуы мен созылуы тыныс алуға байланысты.