Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматының емдеу мекемелерінде 75 мың кемшілік анықталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2021 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілген тегін медициналық көмек сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесін қорытындылады деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматының емдеу мекемелерінде 75 мың кемшілік анықталды
Сурет: Turkystan.kz

Мониторинг нәтижесінде қалалық емдеу мекемелерінде 75 мың кемшілік анықталды. Осыған байланысты бұл мекемелерге 1,8 млрд теңге айыппұл салынды. Қордың қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жол берген.

«Емханалар көрсеткен қызметтен 60 мың кемшілік анықталып, 194,6 миллион теңге қайтарып алынды. Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 15 мың қызмет – стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Олар аталған кемшіліктер үшін 1,6 млрд теңге айыппұл төледі. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға саяды», – деді Тілеухан Әбілдаев.

Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар.

Филиал басшысының айтуынша, қор сарапшылары халыққа көрсетілген қызмет сапасын тұрақты түрде бақылап отырады. Көрсетілген қызмет ақысы да жан-жақты тексеруден кейін төленеді. Қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалмақ.