Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Ревакцинация кезінде қандай таңдау бар?

Елордада тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау бойынша науқан жүріп жатыр. Қала тұрғындарын иммундау қалай жүргізіліп жатқаны туралы №2 қалалық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Майра Ахметова айтып берді. Бұл туралы Paryz.kz, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ревакцинация кезінде қандай таңдау бар?
Сурет: informburo.kz

Екі айдан бері Pfizer екпесін салып жатырмыз. Екпенің бұл түрінде басымдық балаларға жүкті және бала емізетін әйелдерге беріледі. Екі апта бұрын 60 жастан асқан адамдарды вакцинациялау туралы қаулы шықты. Тиісті жұмыс бір жолға қойылған. Вакцина қоры жеткілікті. Оған балама ретінде ревакцинацияға «Спутник Лайт», QazVac, Sinofarm екпелерін ұсынамыз. Қала тұрғындары қазақстандық, қытайлық вакциналарды жиі таңдайды. Медицина қызметкерлерін, педагогтарды, күш құрылымдарының қызметкерлерін вакцинациялау кезеңі аяқталды, - деді емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.


Дәрігердің айтуынша, ревакцинация басталған сәттен бастап №2 емханада 2 мыңнан астам адам екпе алған.

Егер адам алғашқы вакцинацияда «Спутник V» түрін алған болса, ревакцинация кезінде QazVac-ты немесе Sinofarm-ды ұсынамыз. Егер QazVac немесе Sinofarm түрлерін бірінші алған болса, ревакцинацияда «Спутник Лайт» түрін ұсынамыз, - деп түсіндірді Майра Ахметова.


Спикердің айтуынша, балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында түсіндіру жұмыстары медициналық мекемелерде ғана емес, мектептерде де жүргізіледі.