Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

СҚО-да вакцина алған оқушылар сабақта өздерін нашар сезінген бе?

Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған.

СҚО-да вакцина алған оқушылар сабақта өздерін нашар сезінген бе?
фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Paryz.kzStopFake.kz-ке сілтеме жасап. 

Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Бұл - өтірік.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.