Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Елордада мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған ба?

Мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетіп жатқан кезде Бакеева ережелерді бұзып, өзін оқушыға жолатуды талап етті.

Елордада мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған ба?
фото: ашық дереккөз

Қазнетте мектеп оқушысына айтпай, вакцина салып жіберілгені туралы жалған хабар таратылуда, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таратылған хабарламада елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе егілгені айтылған.

Stopfake.kz бұл ақпарат туралы сұрап, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына хабарласты. Олар хабардың жалған ақпарат екенін айтты.

Деректер шындыққа сәйкес келмейді, мұны баланың анасы растады. Киім ауыстыру кезінде 9-сынып оқушысы өзін нашар сезінді. Мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетіп жатқан кезде Бакеева ережелерді бұзып, өзін оқушыға жолатуды талап етті. Ол видео түсірмеңіз деген өтініштерді тыңдамай, жағдайды камераға түсіруін жалғастырды. Ал кезекші дәрігер оқушыға көмек көрсетті, - деп нақтылады ведомстводан.

Айта кетейік, Қазақстан мектептерінде балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу әлі жүргізілген жоқ.