Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Газа секторында қаза тапқандар саны 68 мыңнан асты

Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандардың саны бір тәулікте тағы 14 адамға артып, жалпы көрсеткіш 68 280 адамға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Газа секторында қаза тапқандар саны 68 мыңнан асты
Фото: Anadolu Agency

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде жергілікті ауруханаларға екі жаралы адам және 14 адамның мәйіті жеткізілген.

Олардың 13-і үйінді астынан табылған. Ресми дерекке сәйкес, атысты тоқтату режимі басталғаннан бері 89 адам қаза тауып, 317 адам жараланған, сондай-ақ 449 адамның мәйіті қирандылар арасынан шығарылған. 

2023 жылдың 8 қазанында басталған Израиль шабуылдарынан бері жараланғандардың жалпы саны 170 375 адамға жеткен. Министрліктің хабарлауынша, Израиль тарапы қайтарып, туыстары арқылы жеке тұлғасы анықталған 32 палестиналықтың мәйіті де қаза тапқандардың жалпы санына қосылды. Қазір Газа секторында үйінді астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті бар екені айтылып отыр.