Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Парламент сайлауы 2021 жылы көктемде өтеді

"Билік ауысты, бірақ орталық сайлау комиссиясының сол құрамы сол партиялық жүйемен қайта сайлау өткізсе, одан не пайда?"...

 

Парламент сайлауы 2021 жылы көктемде өтеді
Фото: дереккөз

Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров 3 қарашада Ош облысы тұрғындарымен кездесу кезінде парламент сайлауы 2021 жылы көктемде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады azattyq.org. 

Ол сайлау мерзімін шегеру себебін түсіндірді.

"Билік ауысты, бірақ орталық сайлау комиссиясының сол құрамы сол партиялық жүйемен қайта сайлау өткізсе, одан не пайда? Біз фракция жетекшілері, спикермен бірігіп жағдайды талқыладық және сайлау мерзімін шегеру қажет деген қорытындыға келдік. Арнайы заң жобасы қабылданып, оған қол қойдым. Бәрі заңды болды. Біз әуелі конституциялық реформа жүргізіп, басқару жүйесін өзгерткеннен кейін сайлау өткізу қажет деген байлам жасадық" деді Жапаров.

Ол парламент сайлауы 2021 жылы көктемде - наурыз бен мамыр аралығында өтеді деп санайды.

Жогорку кеңештің 7-шақырылымдағы депутаттарын сайлау 4 қазанда өткен. Бірақ оның нәтижесіне наразы болған халық 5 қазанда көшеге шығып, сайлау нәтижесін жоюды талап етті. Наразылық акциясының соңы демонстранттар мен полиция қақтығысына ұласты. 6 қазанға қараған түні демонстранттар Жогорку кеңеш ғимаратын басып алды. 6 қазанда орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін жойып, парламент сайлауын 20 желтоқсанға белгілеген.

Алайда 22 қазанда Жогорку кеңеш парламент сайлауы өтпей тұрып конституциялық реформа жүргізуге мүмкіндік беретін заң қабылдады.