Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты

Актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абайға тұрмысқа шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктен бақыт тілеуді сұрады. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Актрисаның айтуынша, әр адамның өз тағдыры мен бақыты бар. Сондықтан өзгенің өміріне баға беріп, оның бақытына төрелік айту дұрыс емес.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды Дариға Бадықова.