Прямая трансляция

Астана

Астана

29.48°C

Әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді

Әйгілі рэпер Канье Уэсттің Алматыда концерт беретіні туралы ақпаратты қала әкімдігі мен қазақстандық концерттік агенттік растады, деп хабарлайды paryz.kz.

Әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
Фото: Robyn Beck / AFP via Getty Images/ RESTRICTED TO EDITORIAL USE

Бұған дейін әлеуметтік желіде Канье Уэсттің Алматыда концерт беретіні туралы ақпарат тараған еді.

Бұл туралы алдымен оның менеджері әрі продюсері Джозеф Карре хабарлады. Алматы әкімдігінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне танымал әртістің оңтүстік астанадағы концертіне қатысты келісімге қол жеткізілгенін растады. 

Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді.