Прямая трансляция

Астана

Астана

31.21°C

«Трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен»: Меруерт Түсіпбаева депутаттарға үндеу жасады

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева елдегі тасжолдар бойындағы дәретханалардың жағдайын айтып, жаңадан сайланатын Құрылтай депутаттарына үндеу жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен»: Меруерт Түсіпбаева депутаттарға үндеу жасады
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтайға сайланатын депутаттардың бірі осы мәселені қолға алса екен деген тілегін жеткізді.

«Парламентке кім депутат болса да, трасса бойындағы дәретхана мәселесін шешсе екен», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, елді мекендер арасындағы ұзақ сапарларда жолаушыларға таза әрі қолайлы дәретхана табу әлі де қиын. Бұл әсіресе әйелдер, балалар, қарттар мен денсаулығында кінәраты бар адамдар үшін өзекті мәселе.