Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тұңғыш қызы Әдемінің шетелде білім алуына Иманғали Тасмағамбетовтің кеңесі себеп болғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі бұл туралы қызы Әдемімен болған әңгіме барысында еске алды. Тұрсынбектің айтуынша, кезінде Иманғали Тасмағамбетов оған балаларының болашағына көбірек көңіл бөлуге кеңес берген.
«Тұрсынбек, сен балаларыңды шетелде оқытпасаң, не үшін жұмыс істеп жүрсің? Үй алғаныңа, шетелде қыдырғаныңа мәз болма. Бәрін қойып, Әдеміні шетелге оқыт. Біз қыздарды үйден шығаруға қорқамыз. Қорықпа, керісінше балалар сонда ашылады», – деген еді.
Тұрсынбек Қабатов бұл сөздердің өзіне ерекше әсер еткенін айтып, кейін тұңғыш қызының шетелде білім алуына жағдай жасағанын жеткізді.