Прямая трансляция

Астана

Астана

28.83°C

Айгүл Иманбаева марқұм әкесінің соңғы сөзін еске алды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесі туралы әсерлі естелігін айтып, оқырмандарына өмірлік ой салатын жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Айгүл Иманбаева марқұм әкесінің соңғы сөзін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі әкесімен ұзақ жылдардан кейін қайта қауышқанын еске алып, оның соңғы айтқан сөздері жүрегінде мәңгі сақталғанын жеткізді.

"Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем: "Екінші жолдасымнан туған қызымды өз үйіріме қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ", – деген еді.

Содан кейін араға үш ай салып дүниеден озды. Адам баласының "арманым жоқ" деп айтпауы керектігін сонда ғана түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын", – деп жазды Айгүл Иманбаева.