«Өнер қырандары» театрының актері Мадияр Серікбаев жұбайынан ерекше сыйлық алды. Жары Дана Тұрарбек оған көптен бері армандаған Li маркалы автокөлікті тарту етіп, әсерлі сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Дана Тұрарбек жазбасында: «Адал жарыма армандаған көлігі. Осындай күнге жеткізген Аллаға шүкір», – деп жазды.
Желіде тараған бейнежазбада актердің тосынсыйды көрген сәттегі шынайы эмоциясы көпшіліктің назарын аударды.
Мадияр Серікбаев қуанышын жасыра алмай, жұбайын құшақтап, жаңа көлігін тамсана қарап шыққан. Әсерлі сәтте ол көз жасына да ерік берген. Актер де жарына ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Барлық еркек бақытты болуға лайықты», – деген жазба қалдырды.