Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Бұралаң сөз бұтыма»: Қабатовтың әйелі Айман өсек айтқандарды орнына қойды

Әлеуметтік желіде «Тұрсынбектің тоқалы» атанып кеткен Айман есімді келіншек өзіне бағытталған сын-пікірлерге байланысты үн қатты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бұралаң сөз бұтыма»: Қабатовтың әйелі Айман өсек айтқандарды орнына қойды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол соңғы уақытта желіде түрлі алыпқашпа әңгіме көбейгенін айтып, әсіресе орынсыз сөз жазатын жандарға қарата қатаң пікір білдірген.

Айманның сөзінше, кейбір адамдар өсек айтуды әдетке айналдырған.

«Жасарын жасап, асарын-асап болған, өсектен басқа айтар тірлігі жоқ, не келінге сыймайтын, не немереге жақсы сөз айта алмайтын, жақсы қартайсам деп емес, қарғыс алып күнәхәр болып қартайып жатқан апайларға айтарым! Бұралаң сөз бұтыма! Ауыз өзіңдікі болғанымен, шығатын жер біреу екенін ұмытпа», – деп жазды ол.