Актриса Дариға Бадықова өзіне қатысты айтылған сынға жауап беріп, психолог Шолпан Есмаханбетоваға әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасындағы жазбасында психологтың өзіне қарата айтқан сөздеріне наразылығын білдірген. Актриса оның жеке басына тиісіп, өзін төмендетуге тырысқанын алға тартты.
«Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің?! Өз ана тіліңде сөйлей алмайтын дүбара. Менің жеке басыма тиесің сен? Қазір қалаларды аралап, қолым тимей жатыр. Сен сияқтылардың талайын көріп, көңілге алмаушы едім, ал мынауың шамыма тиді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ актриса психологтың бұл әрекетін өзіне назар аударту әрекеті деп бағалаған. «Бізді төмендетіп, өзіңе хайп жасағың келді ме? Сен сияқты бақытсыз хайпажорға көрсетемін. Кино бітсін, есім сенімен болсын», – деп жазды ол.