Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өмірге деген көзқарасымен бөлісті. Ол бала кезіндегі естеліктерін айтып, айналасындағы жандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Сондай-ақ Мөлдір қазір бала күнінде өзі куә болған сыйластық пен қонақжайлықты жалғастырып жүргенін айтты. Оның сөзінше, айналасында төрден орын беріп, сый-құрмет көрсететін жақсы адамдар көп.
«Рақметтен басқа айтарым жоқ. Ата-анам да білген жоқ қой, өздерінің жасаған жақсылықтарының арқасында кейін балалары осылай шалқып жүретінін. Сол сияқты, айналамдағы жақсы жандарым, сіздердің жақсылықтарыңызды мен қайтара алмасам да, ұрпағыңызға Жаратушының жасап қойған жақсылықтары молынан деп сенемін», – деді ол.
Жазбасының соңында Мөлдір Мұқан жүрегінде әлі де талай арманы, махаббаты мен әдемі бастамалары бар екенін айтып, өмірге ғашық екенін жеткізді.