Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Алла қаласа, менен кейін 10 қатын алады»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күтпеген жазба жариялады

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Алла қаласа, менен кейін 10 қатын алады»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күтпеген жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Ол жазбасында Тұрсынбек Қабатовтың екі отбасына да жауапкершілікпен қарап, балаларын қараусыз қалдырмағанын атап өтті.

Сондай-ақ әзілкештің сегіз баласының бар жағдайын жасап, жақсы мектептерде білім алуына және лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беруі керектігін жазды. 

«Тұрсынбек қай үйде болса да, екі отбасының алдындағы міндеттерін шектеп, азайтып, қараусыз, сұраусыз қалдырған емес ешқашан. Қолыңнан келсе, сегіз балаңды асырап, жақсы мектептерде оқытып, жақсы киіндіріп, бар жағдайын жаса», – деп жазды Айман Талғатқызы. 

Сонымен қатар ол екі әйелдің де әзілкешті сүйгенін, оған сеніп, үміт артқанын айтып, бұл жағдайды бір тараптың жеңісі немесе екіншісінің жеңілісі деп бағалауға болмайтынын жеткізді.

Айман Талғатқызы кейбір әйелдердің заңды некеге ғана сүйеніп, отбасындағы сезім, ортақ мақсат пен жетістікті екінші орынға ысыратынын астарлап айтқысы келгенін түсіндірді. Алайда оның сөзін әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі қабылдаған.

«Екі әйел де сүйді, екеуі де сенді, үміттенді, әрқайсысының өз түсінігіне көрер жолы болды. Біреу жеңді, біреу жеңілді деген жоқ. Алла әр тарапқа өзінше сынақтармен қатар қайырын берді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Айман Талғатқызы Тұрсынбектің болашақта тағы да үйленуіне қарсылық білдірмейтінін айтып, оның ұрпағы көбейіп, арасынан елге қызмет ететін тұлғалар шығуы мүмкін екенін жазды.