Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Атақ алу үшін өлуім керек»: 200-ден астам ән жазған Нұрлан Еспанов әлі марапат алмағанын айтты

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов 53 жасқа келсе де, әлі күнге дейін «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алмағанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Атақ алу үшін өлуім керек»: 200-ден астам ән жазған Нұрлан Еспанов әлі марапат алмағанын айтты
Фото: видиодан скриншот

Нұрлан Еспановтың айтуынша, оның әндері бірнеше жылдан бері мектеп оқулықтарында қолданылып келеді.

Атап айтқанда, «Әліппе кішкентай қайық», «Қос қарлығаш» әндерін өзі жазған. Сондай-ақ ол «Қошқар мен теке» мультфильміндегі барлық әннің авторы екенін атап өтті.

Өнер иесі еңбегі еленбей келе жатқанына қынжылысын білдірді. 

«Мен атаққа кешіккен адаммын. 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін балалар қазір менің әндеріммен оқып жатыр. "Әліппе кішкентай қайық", "Қос қарлығаш" әндерін жазғанмын. "Қошқар мен теке" мультфильміндегі барлық ән де менікі. Осының бәрін айта берсем, жылап жібересіздер. Мен "Еңбек сіңірген" атағын алған жоқпын. Оны алу үшін не істеу керек деп ойланамын. Балаларым "сен өлуің керек ол үшін" дейді. Қоржынымда 200-ден астам ән бар. Менен 30 жас кіші адамдар атақ алып жатыр», – деді әнші.