Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының отбасылық жағдайы туралы айтып, бұрынғы келінімен қарым-қатынасы үзілгенін жеткізді. Өнер иесі ажырасқаннан кейін баланы әкесінің туыстарынан алыстататын жағдайларға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Әнші бұл туралы Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, үлкен ұлы әйелімен ажырасып кеткен. Қазір бұрынғы келінімен араласпайды.
«Үлкен ұлым ажырасып кетті. Қазір келініммен араласпаймын, өзі араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасқаннан кейін баланы алып қашады? Ата-енесіне, әкесіне де көрсетсін, олар да көмектессін. Ол бала сол әулеттің ұрпағы ғой. Баланы әкесіне, ата-әжесіне көрсетпейтін қыздарды түсінбеймін. Мүмкін, өкпе-назы бар шығар. Уақыттың еншісіне қалдырдым», – деді әнші.
Сонымен қатар Ақбота Керімбекова ұлының отбасылық өмірінің бұзылуына не себеп болғанын түсіндірді. Айтуынша, бұрынғы келіні бөлек тұрғысы келген, алайда баласы әжесінің қолында өскендіктен, одан кеткісі келмеген.
«Үлкен ұлымның ажырасуына келіннің бөлек шыққысы келгені себеп болды. Бала апасының бауырына басқан баласы. Мен жалғыз қыз болғандықтан, анам үлкен ұлымды өз тәрбиесіне алған. Келін бөлек тұрғысы келді, ал бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Ұлымдікі де дұрыс па деп ойлаймын. Бөлек шықсаңдар да, ажыраспаңдар деп айттық. Өз өміріңдегі қателіктерді балаларың қайталамаса екен дейсің. Бірақ шешімді өздері қабылдады. Біз біраз тырыстық, алайда екі жаққа кетті», – деді ол.
Әнші қалған екі ұлының да жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, екінші ұлы отбасын өзі қамтамасыз етіп отыр, ал кенже ұлы әлі жас.