Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Жүрегіне шағымданып жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова ұлын дәрігерге тексертіп, нәтижесін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлы Нарұлдың денсаулығына алаңдаулы екенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жүрегіне шағымданып жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова ұлын дәрігерге тексертіп, нәтижесін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, соңғы уақытта ұлы жүрегінің соғуына қатысты жайсыздықты сезініп жүрген. Бұл жағдай ана ретінде оны алаңдатқан.

«Соңғы уақытта Нарұл жүрегіне шағымданып жүр. Кейде тез соғып тұрғандай, кейде керісінше сезінемін дейді. Уайымдап біттім», – деп жазды актриса.

Кейін Жұлдыз Әбдікәрімова ұлын дәрігерге көрсетіп, қажетті тексеруден өткізген. Тексеріс нәтижесінде баласының денсаулығына қатысты алаңдауға негіз жоқ екені белгілі болған.