Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімовамен және бес баласымен бірге Мальдив аралдарына демалысқа аттанды. Жұлдызды отбасының бұл сапары әлеуметтік желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең көп талқыланатын отбасылардың бірі жаңа жылдық демалысты Үнді мұхитындағы Мальдив аралдарында өткізуді жөн көрген.
Бұл жайлы 3 қаңтарда отбасындағы ортаншы қыз — Алау Нұртас Instagram парақшасында хабарлады. Ол сапардың оңай болмағанын атап өтті:
«Біраз уақыт желіге шықпағанымның себебі — Мальдивке ұшу. Көп уайымдадық, үлгермей қала жаздадық. Ал келген соң мүлде жағымсыз жағдай болды», — деп жазды Алау Stories-те.
Алайда ол орын алған оқиғаның толық мән-жайын кейінірек бөлісетінін айтты.