Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Осы күнге дейін ұлдарым деп келдім»: Гүлзира Айдарбекова өзінің ұзақ күткен арманын орындады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова көптен күткен арманын жүзеге асырды. Ол «Zira» атты жеке брендімен нарыққа экологиялық таза өнімдерін ұсынбақ, деп хабарлайды paryz.kz.

«Осы күнге дейін ұлдарым деп келдім»: Гүлзира Айдарбекова өзінің ұзақ күткен арманын орындады
Фото: әлеуметтік желіден

Жаңа бренд аясында ағзаны тазартуға арналған шөп шайы, витаминдер кешені, сусабын мен кондиционер, сондай-ақ сабын шығарылады.

Өнімдердің барлығы табиғи құрамнан жасалған. Атап айтқанда, 22 түрлі шөптен тұратын шай бауыр мен жүрек жұмысына, ұйқының жақсаруына оң әсер етеді. Ал витаминдер кешені ағзаға қажетті пайдалы элементтерден құралған.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, өнімдер 6 ай бойы арнайы командамен дайындалып, бірнеше тексерістен өткен.

«Мені жақсы білесіздер, тексерілмеген өнімді ешқашан ұсынбаймын. Сондықтан өнімдерімнің сапасына күмәнданбасаңыздар болады. Осы уақытқа дейін бар уақытымды ұлдарыма, отбасыма арнадым. Енді өз арманымды орындайтын сәт келгенін түсіндім», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.