Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Иттіктің, сатқындықтың көкесін көріп жатырмын»: Айгүл Иманбаева желіде сынақты бастан өткеріп жатқанын айтты

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева өмірінде қиын сынақты басынан өткеріп жатқанын жеткізді. Ол жылдар бойы дос санап жүрген жандарынан көңілі қалғанын айтып, сыр бөлісті, деп жазады paryz.kz.

«Иттіктің, сатқындықтың көкесін көріп жатырмын»: Айгүл Иманбаева желіде сынақты бастан өткеріп жатқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

"2025 жыл масканың шешілетін жылы - тазару жлы деп жатыр. Өзімнің басымнан иттіктің, сатқындықтың көкесін өткізіп жатырмын. Осы жыл бітсе екен деп күн санап жүрмін шыны керек. Достан да, шәкірттен де иттік жақсылап тұрып көрдім. 25-35 жылғы достарымнан иттік секілді дүниелерді өткіздім. Қуану керек. Бәрі осы жылмен кетсін. Мен өз-өзіме қай жерден қате жібердім деп есеп бердім. Осы бір сынақ жылы осымен кетіп, Жаңа жыл жақсылығымен келсе екен", - деді ол.

Ол бұл сынақ екенін және мұндай жағдай басынан өтіп жатқанынан қуанатынын айтты.