Желіде актер Асанәлі Әшімовтің немересін күйеу жігітіне табыстаған сәтінен кадрлар тарады, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
TikTok желісінде тараған видеоға пікір қалдырушылар актер марқұм ұлы Сағидың қызын ұзатқанын жазуда.
"Ағамыздың Сағидан қалған бір қыз, бір ұл немересі бар. Сол өзінің немересін ұзатып жатыр", "Шалдарға не болып барады", "Мына шал алжасты ма деп ойлап қалдым", "Осындай ұлы адамның ұрпақтары өз салт-дәстүрлерін ұмытып жатқаны өкінішті", "Қазір ештеңеге таңданбайтын болдық", "Папасы өмірде жоқ, атасы ғой не істейді", "Бұлар қазақ дәстүрін біле ме", "Қазақта қызды жеңгелері береді", - деді олар.