Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Жақсы күйеу бола алмады»: Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әлеуметтік желіде әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жақсы күйеу бола алмады»: Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Айару Қабатованың айтуынша, қоғамдағы түрлі пікірлер мен сынға қарамастан, ол әрқашан әкесін жақсы көріп, оған ерекше құрметпен қарайды.

«Қазір бәрі оның жаман адам екенін айтып жатыр. Бірақ ол мен үшін әрдайым ең жақсы әке болып қала береді. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін. Күйеу ретіндегі рөлінде өзін көрсете алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз “әке” атағына лайық. Осы жылдар бойы бізге деген махаббатын үнемі сездіріп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік», – деп жазды Айару.

Ол сондай-ақ желіде әкесіне айтылып жатқан ауыр сөздерге күйінетінін де жасырмады.

«Маған жақын адамды жамандаған пікірлерді оқу өте ауыр. Ондай кезде оны бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», – деді ол.