Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Мен кіммін сонша»: Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден бас тартты

Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен кіммін сонша»: Димаш Құдайберген Прагада автограф беруден бас тартты
Фото: dimashnews.com

– Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.

Димаш тудан басқа қолтаңба беруден бас тартпаған.

Dimashnews хабарлауынша, 21 қарашада Димаш Құдайберген Прагада «Stranger» гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO TV чех телеарнасының студиясына шақырылған.

Бағдарламаны жазуды бастамас бұрын Димаш телеарна студиясының жанында жанкүйерлерімен кездесті. Өнерпаздың жанкүйерлері сүйікті әртісін қарсы алуға алдын ала жиналған болатын.

Әуел бастан Димаштың концерттерін мүлт жібермейтін Dears пен осы қауымдастыққа біртіндеп қосылып келе жатқан басқа да жанкүйерлердің арасында чех, қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай және басқа да ұлт өкілдері болды.

Бағдарлама басталар алдында Димаш жанкүйерлерімен сөйлесіп, қолтаңбасын беріп, сүйікті жанкүйерлеріне ыстық жүректен шыққан өз сүйіспеншілігін жолдаған.