Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Ендігі ісім сенімен болсын»: блогер «Шерзаттың әкесін қамау керек» деген қарияға шүйлікті

Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлдекімнің Шерзаттың әкесі Қаржаубайды қамау керек деген видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.Info-ға сілтеме жасап.

«Ендігі ісім сенімен болсын»: блогер «Шерзаттың әкесін қамау керек» деген қарияға шүйлікті
фото: видеодан скриншот

«Қаржаубайдың әңгімесінің көбі өтірік. Мылтықты өзі алып шыққан болуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша Қаржаубай қамалуы керек. Баласын өлімге алып келген Қаржаубайдың өзі», — дейді ол видеода.

Ал Жан Ахмадиев аталмыш видеоны өз парақшасына салып, қарияның бұл сөзіне шамданғанын жасыра алмады.

«Немереңдей баланың аруағына тыныштық берсең қайтер еді? Қайғыдан қан жұтқан отбасын қаралау үшін қанша алдың? Құның қанша? Марқұм Шерзатпен оның әкесінің атын балағаттайды екенсің, ендігіде ісім (сіз деуге ауызым бармайды) ісім сенімен болады. Қаржаубайдың артында бүкіл қазақ елі тұр,ал сенің артыңда кім тұр⁉️», — деп жазды журналист.